ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «Қ.МҰХАМЕДЖАНОВАТЫНДАҒЫ № 1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

#bilimqzo

#1мектеп-гимназия

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ ✅ Қ.Мұхамеджанов атындағы 1 мектеп-гимназиясында Жаратылыстану пәндер әдістемелік бірлестігінің «Құзыреттілікке бағытталған білім- жаратылыстану бағытында» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Нұрқанат Ақылбайұлы қатысты. 📍Семинардың мақсаты: ✅Жаратылыстану пәндерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдер қолданып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту; ✅Пән мұғалімдерінің өзара тәжірибелерімен бөлісу; 📍Семинар барысында биология, химия, география пәндерінен ашық сабақ, пәнді оқыту ерекшеліктері мен әдіс – тәсілдер жайлы тренингтер, шеберлік сағаттары өткізілді. 📍Ұстаздарды сергітіп, оқушыларды сабаққа ынталандыру мақсатында өткізілген психологиялық тренинг қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады. 📍Сонымен қатар, мұғалімдер ашық сабақ өткізсе, алтоқушылар өздерінің қызықты тәжірибелерімен бөлісті. 📍 «Қышқылдардың құрамы мен қасиеттері» тақырыбында химия пәні мұғалімі Агатаева Гүлжан, «Дүниежүзін саяси географиялық аудандастыру» тақырыбында география пәні мұғалімі Жандилдаева Кенже, «Құрсақта даму. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері» тақырыбында биология пәні мұғалімі Таңатарова Жадыра ашық сабақ өткізді. 📍Семинар әріқарай биология пәні мұғалімі Бердикалыкова Жадыраның “Сенімділік- күш береді”, география пәні мұғалімі Жұбанова Лаззаттың “Бір команда, бір мақсат”, психолог Шаймухамбетова Фаризаның “Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті” тақырыбындағы тренигтермен жалғасын тапты. 📍Мектеп кітапханасында география пәні мұғалімі Сарманкулова Венераның “География пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары” тақырыбында шеберлік сағат өткізді. 📍Семинар соңында “Тал егу- тәрбие баспалдағы” акциясы негізінде келген қонақтармен бірге мектеп ауласына көшеттер отырғызылды.

Біздің мекен-жайымыз:

Қызылорда қаласы, Иса Тоқтыбаев тұйығы №2, ғимарат-8

+7 (777) 752-58-11
mektep1.1@mail.ru