#bilimqzo
#1мектеп-гимназия
«Бейбарыс-Қыпшақ даласының қыраны» 📍 Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы қолбасшы Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай Қызылорда облыстық оқу орталығы және Қызылорда қалалық білім бөлімі мен Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы арасындағы интеграциялық жұмыстар аясында 2023 жылдың 12 сәуір күні «Бейбарыс – Қыпшақ даласының қыраны» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті. 📍Облыстық шараға аудандық, қалалық білім бөлімі әдіскерлері, тарих пәні бойынша бірлестік жетекшілері мен педагогтер қатысты. 📍 «Мектеп парламенті» жобасы аясында мектеп парламентінің белсенді оқушылары келген қонақтарды күтіп алып, әріқарай тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасап, қонақтарды музей тарихымен таныстырды.Тарих пәнінің мұғалімі мен музей қызметкерінің «Қазақ хандығы» залында Қыпшақ даласының аймағы- Сығанақ қалашығы тақырыбында бірлескен музей сабағын өткізді. 📍Семинар дөңгелек үстел яғни сұхбат алаңымен жалғасын тапты. Сұхбат барысында модератор мектеп-гимназия директоры Изатуллаев Қуаныш сөз алып келген қонақтарды таныстырды. «Бейбарыс – Қыпшақ даласының қыраны» тақырыбында келген қонақтарымыз Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Т.Я.Сатбай; Қызылорда Ашық университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандитаты А.А.Еңсепов; С.Толыбеков атындағы мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі,педагог-зерттеуші А.Есімов; Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектеп,тарих пәні мұғалімі А.Ә.Тәжібаева; Қармашшы ауданы, Е.Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі С.М.Қонысова Бейбарыстың ерлігін, батылдығын, табандылығын насихаттап, тарихи деректерімен бөлісті. 📍 «Мектеп театр» жобасы аясында Сұлтан Бейбарыстың ерлігін, батылдығын, табандылығын үлгі ету мақсатында «Сұлтан Бейбарыс- Ұлы дала барысы» тақырыбында мектебіміздің жас әртістері қойылым қойды.
Біздің мекен-жайымыз:
Қызылорда қаласы, Иса Тоқтыбаев тұйығы №2, ғимарат-8
+7 (777) 752-58-11